Ағымдағы жылдың 5 наурызында қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың төрағалығымен қылмыстың алдын-алу жөніндегі қалалық комиссиясының отырысы өтті. Онда мас күйінде жасалған қылмыстар, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.
Жергілікті полиция қызметінің басшысы Омарбек Кәрібжанов 2020 жылдың екінші айының қорытындысы бойынша қалада қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 27-ден 17-ге дейін, мас күйінде 27-ден 13-ке дейін қысқарғанын және отбасылық қатынастар саласындағы қылмыстардың жоқ екендігі туралы хабарлады. 1090 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, осыған орай қорғаныс бұйрықтары, ескертулер және айыппұлдар салынды.
Сөз соңында кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың азаюын бақылауды, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сотталғандарға оңалту үшін әлеуметтік-құқықтық көмек, әсіресе жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысты жалғастыру қажет екендігі туралы айтты.
5 марта текущего года под председательством акима города Еркебуланом Баяхметовым состоялось заседание городской комиссии по профилактике правонарушений, на котором рассмотрели вопрос преступности в состоянии алкогольного опьянения в сфере семейно-бытовых отношений, а также о проводимой работе по защите прав и законных интересов женщин и детей.
Начальник местной полицейской службы Омарбек Карибжанов проинформировал, что по итогам 2-х месяцев 2020 года в городе снизился уровень преступлений, совершенных в общественных местах с 27 до 17, в алкогольном опьянении с 27 до 13, не допущено преступлений в сфере семейно-бытовых отношений. Выявлено 1090 административных правонарушений, по которым вынесены защитные предписания, предупреждения и наложены административные штрафы.
В завершений поручил, активизировать работу по правонарушениям, совершаемым несовершеннолетними, проводить на постоянной основе разъяснительную работу с родителями, в целях реабилитации осужденных продолжить работу по социально-правовой помощи, в особенности по их трудоустройству.