28 наурыз күні Достық және шығармашылық үйінің қабырғасында "Женский луч" ҚБ қалалық ЖРО бірлесе отырып, "Қайырымды істер форумы" еріктілер слетін ұйымдастырды. Іс-шара барысына қаламыздың колледж және мектеп еріктілері атсалысты. Слет жалғасында спикерлердің қатысумен өзара диалог алаңы құрылды. Еріктілерді атқарған жұмыстары бойынша есеп беріліп, командалар арасында интерактивті байқау да болып өтті. Дәстүрге сай, іс-шара соңында үздік еріктілер арнайы дипломдармен марапатталды.
#jastarjyly2019 #форумдобрыхдел