Шырайлы шаһарымыз өзінің 55 жылдық мерейтойына да келіп жетті. Осы елеулі күнге орайластырылған іс-шаралар барысы көктем айларынан өз бастауын алуда. Бұл тұрғыда қалалық жастар ресурстық орталығының «55 күн қайырымды іс» акциясы апта ішінде өз жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне колледж студенттері мен мектеп оқушылары және ұстаздар қауымы белсенді түрде атсалысты. Степногорск қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған логотип те таныстырылды. Шара жалғасында колледж тәлім алушылары өнерлерін ортаға салып, әсем билері мен әндерін және қалжыңдарын көпшілік назарына ұсынды. Салтанатты ашылу рәсімі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық колледж ұжымдары, «Таңшолпан» ұйымы мен Жастар ресурстық орталықтары тарапынан ұйымдастырылған жайы бар.
Айта кеткен жөн, арнайы ұйымдастырылған акция аясында 55 күн бойына қайырымды істер атқарылып, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерг құрмет көрсетіліп, мұқтаж азаматтарға көмектер берілетін болады.
1 апреля в ЦДК "Горняк" прошёл старт акции "55 дней добрых дел", посвященной 55-летию г.Степногорска и Году молодежи. В мероприятии приняли участие учащиеся колледжей и школ города.
В ходе мероприятия был презентован логотип к 55-летию г.Степногорска.
Мероприятие было организовано Молодежным ресурсным центром Степногорска при активной поддержке Отдела культуры и развития языков, колледжей города и ПМЦ «Таншолпан».