Құрметті степногорлықтар!
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік Күнімен құттықтаған
ыстық лебізімді қабыл алғайсыздар!
Өткен жылдар ішінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы қарқынды дамып келе жатқан
заманауи мемлекетті құрды. Бүгінгі таңда біз сенімді алға жылжып,
Мемлекет басшысының ғаламдық міндеттерінің бірі – əлемдегі ең
дамыған отыз елдің қатарына кіру жолын шешудеміз. Тəуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы оның астанасымен тығыз байланысты. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қаланың бас сəулетшісі болып саналады. Елорда ең қысқа мерзімде салынып, бүкіл елдің жетістігінің бейнесіне айнала білді. Қазақстан қазіргі кезеңде халықаралық қатынастар жүйесінде белсенді рөл атқарып, əлемнің саяси картасында өзінің лайықты орнын алды. Егемен мемлекеттің жетістіктерін сақтау жəне арттыру, қоғамдық
келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға көмектесу біздің ортақ міндетіміз
болып отыр. Құрметті степногорлықтар! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен өркендеу, Отанымыздың гүлденуі жолындағы жасампаз жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Еркебұлан БАЯХМЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы,
Степногорск қаласының əкімі
#Степногорск #Stepnogorsk