11 желтоқсан күні қала әкімі Еркебұлан Баяхметов «Nur Otan» партиясының Степногорск қалалық филиалымен бірлесіп Заводской кентінің тұрғындарын қабылдады. Кент азаматтары жолды орташа жөндеу барысы, кент ішіндегі апатты үйіндіні жою, орталық жылыту жүйесін қосу мен жаңа су құбырын орнату сияқты сауалдарын жолдады. Бүгінде кенттің Б.Момышұлы, А.Құнанбаев пен Етекбай би көшелеріндегі жолдарды жөндеуге өтінім берілген болатын. Шаһар басшысы өтінім мақұлданған жағдайда, 2020 жылы екі көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарлананып отырғанын тұрғындарға жеткізді. Ал, апатты үйінділерді жою бойынша жұмыстар барысы 2020 жылдың көктем мерзіміне бекітілген. Жылыту жүйесіне қатысты, қазіргі таңда сәулет және қала құрылысы бөлімімен жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеуге берілді. Сондай-ақ, кент бойынша барлық үйлерге жаңа су құбыры тартылды, ескі құбырлардың істен шығу себебіне байланысты жаңа су құбырына қосылу міндетті. Кездесу соңында қала әкімі Заводской кентінің әкімі Марат Мадьяровқа айтылған мәселелерді бақылауда ұстап, жұмыстар барысының жоспармен жүруін қадағалауды тапсырды. ---------------------------
#Степногорск #Stepnogorsk