Құрметті прокуратура қызметкерлері!
Кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаған ізгі тілектерімді қабыл алғайсыздар! Прокуратура мемлекетіміздің қалыптасуының алғашқы күндерінен бастап елдегі заңдылықтың басты кепілі болды. Коммуналдық
проблемалардан бастап, алаяқтардан үлкен қаржылық шығындарына ұшырау сияқты кез-келген қиындықтарға тап болған азаматтар мұнда қорған табу үшін жүгінеді. Прокурор болу үшін заң факультетін
аяқтау жеткіліксіз. Ең алдымен ерекше адами қасиеттерге ие болу қажет, заңның əрпін абыроймен орындап, берік əрі істің дұрыс екендігіне сенімді болу керек. Біздің прокуратурада дəл осындай азаматтар қызмет атқарады деген сенімдемін. Прокуратура қызметкерлеріне мемлекетіміздің гүлденуі жолындағы қиын, бірақ өте маңызды жұмыстарына сəттілік тілеймін. Таңдаған мамандықтарыңыз, сіздерге тек қана жағымды əсер сыйласын. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, Степногорск қаласының əкімі Еркебұлан БАЯХМЕТОВ
#Степногорск #Stepnogorsk