«Есте сақтау вахтасы-2020» ұйымдастырылды
2020 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына тура 75 жыл толғалы отыр. Елеулі күнге арналған дайындық шаралары бүгінде бастау алып отыр. Осы мақсатта арнайы «Еске алу вахтасы-2020» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ең алдымен жергілікті өнерпаздарымыз сұрапыл соғыс жылдарын еске түсіретін әсерлі қойылымын ұсынды, өлең шумақтарын да ұсынды.
Салтанатты шара барысына қатысқан қала әкімі Еркебұлан Баяхметов соғыс ардагерлерінің ерен еңбектері турасындағы ойларын ортаға салды. Бүгінде қаламыздағы соғыс жылдарының қайратты жауынгерлерінің қатары жыл санап сиреп келе жатқанын, өңірімізде 5 ҰОС ардагері, қатысушыларға теңестірілген 1 ардагер, 5 концлагер тұтқындары және 484 тыл еңбеккерлері бар екенін алға тартты.
Кездесу жалғасында «Десанттық бауырластық» ҚБ-нің төрағасы, «Ұрпақ» іздестіру отрядының жетекшісі Владимир Советов мінбеден сөз алды. Ұлы мерекенің маңыздылығын еске түсірді. Жетекшілік ететін «Ұрпақ» іздестіру отрядының жұмысымен кеңінен таныстырып шықты. Ерлікпен қаза тапқан барша жауынгерлерімізге тағзым етіп, оларды мақтан тұтатынын да атап көрсетті.
Содан кейін қала әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова сөз алып, 75 жылдық мереке қарсаңында жоспарланған іс-шаралар барысымен таныстырып өтті.
Жиын соңында Ұлы Отан соғысы туралы естеліктің болашақта сақталуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасалу тиіс екендігі айтылды. Жоспарланған іс-шаралар жоғары деңгейде атқарылуы үшін барлық жүйеле ат салысу қажеттігі де сөз болды.
#Stepnogorsk #Степногорск #Aqmolaregion #Вахтапамяти2020 #mrcstepnogorsk