?2019 жылғы 11 қазанда Ақмола облысының Ішкі саясат, Жастар ісі жөніндегі бөлім, «Рухани жаңғыру» Өңірлік жобалық кеңсесі облысымыздың 20-29 жас аралығындағы жігіттері үшін «ТОЛАҒАЙ» байқауын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
?Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
1. Жамбы ату.
2. Теңге алу.
3. Аударыспақ.
4. Шалма салу.
5. Асық ату.
?Байқаудың жүлде қоры:
І орын: 100 мың теңге.
ІІ орын: 70 мың теңге.
ІІІ орын: 50 мың теңге.
?Номинациялар:
Ең үздік көрермен көзайымы: 20 мың теңге
Ең үздік ат спортының шебері: 20 мың теңге
Ең үздік ат бапкері: 20 мың теңге
Барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болады.
?Ескерту: Жігіттеріміз байқаудың 5 кезеңіне міндетті түрде қатысу тиіс.
☑️Байқауға қатысушы жігіттер үшін өтінім а.ж. 9 қазаннына дейін қабылданады.
?Байланыс ақпараттары: 8 (7162) 330039, 8 (7162) 330038.