Дербес бөлімдердің, мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларымен, кент, ауыл және ауылдық округтің әкімдерінің қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өткіздім.
Күн тәртібінде өңіріміздегі спортты дамыту және ағымдағы мәселелер қаралды.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баян Айтпаева қала бойынша спорт және дене шынықтыру саласындағы жұмыстар туралы ақпаратты ұсынды.
Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 23175 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 34% - ын құрайды.
Степногорск өңірінде дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 128 спорт ғимараты бар. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 3 бірлікке артады. Қалада спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2021 жылдың басынан 4588 адамның қатысуымен 14 спорттық-бұқаралық іс-шара, оның ішінде ауылда 200 адам қатысатын 5 іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар ағымдағы мәселелер қаралды.