Управление внутренней политики Акмолинской области информирует об очередном отчетном периоде предоставления сведений в Базу данных НПО. Срок предоставления организациями сведений о своей деятельности в текущем году истекает 31 марта 2020 года. В связи с этим неправительственным организациям в форме частного учреждения, общественного объединения, общественного, корпоративного и частного фондов, объединения юридических лиц в форме ассоциации (союза), а также филиалам и представительствам иностранных и международных некоммерческих организаций, осуществляющим деятельность на территории Республики Казахстан, рекомендуется своевременно заполнить электронную форму отчетности на веб-портале infonpo.gov.kz. Сведения о своей деятельности в Базу данных неправительственных организаций не предоставляют неправительственные организации, приостановившие деятельность в течение отчетного периода, а также находящиеся на стадии ликвидации или реорганизации. Напоминаем, что согласно действующему законодательству Республики Казахстан, регистрация в Базе данных НПО является обязательным условием для участия в конкурсах на реализацию социальных программ и (или) социальных проектов в рамках государственного социального заказа и государственных грантов, а также на получение премий для НПО. Для предоставления сведений о деятельности НПО в электронном виде через веб-портал infonpo.gov.kz необходимо получить электронную цифровую подпись (ЭЦП) в ближайшем отделении Центра обслуживания населения (ЦОН). Сдача сведений через почту либо нарочно на бумажном и электронном носителях (CD-дисках либо USB-флэш-накопителях в формате DOC, DOCX) остается как альтернативный вариант для тех граждан, у кого нет возможности сдать сведения через Интернет. Сведения о деятельности НПО через почту либо нарочно необходимо направлять с сопроводительным письмом по адресу: 010000, г.Нур-Султан, Есильский район, проспект Мәңгілік Ел, 8, подъезд 14, Комитет по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан. За несвоевременное представление сведений в Базу данных НПО предусмотрена ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп ұсыну міндеттілігі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 наурызда аяқталады. Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады. Есепті кезең ішінде өз қызметін тоқтата тұрған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысындағы үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды. ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.