Құрметті степногорлықтар! Жаңа жыл –бұл қорытынды шығару және өткенді ұғынып, болашаққа жоспар құратын уақыт. Өткен жыл біз үшін жарқын оқиғалармен есте қалады. 2019 жылы көптеген маңызды саяси оқиғалар, оның ішінде мемлекет басшысының сайлауы өтті. Біздің көз алдымызда өткен сайлау процесінің нәтижелері, біздің халық еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған бағытқа деген адалдығы мен сенімін көрсетті. Көпқырлы әлем жағдайында және көптеген қиындықтардың туындауына қарамастан, біз адам құқықтары мен бостандықтары негізгі құндылықтар болған және бола беретін зайырлы, құқықтық мемлекет құруды жалғастырамыз. Степногорлықтар үшін өткен жыл 55 жылдық мерейтоймен атап өтілді, оның аясында біз тұрғындардың барлық жас санаттары үшін көптеген түрлі іс-шаралар өткіздік. Қаламыздағы спорт сарайы алдындағы алаңды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, қазақтың ұлы палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды. Бүгінгі таңда ел Президенті біздің алдымызға сананы жаңғыртуға сүйене отырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды міндеттерді қойып отыр. Ынтымақтастық, мақсатқа жетуге деген біртұтас ұмтылыстың арқасында, біз барлық жоспарларымызды жүзеге асырамыз. Мұның кепілі – біздің бірлігіміз бен келісіміміз!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, өркендеу, көтеріңкі көңіл-күй, татулық пен бар жақсылықты тілеймін! Еркебұлан Баяхметов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы, Степногорск қаласының әкімі
#Степногорск #Stepnogorsk