4 және 9 шағынаудандардағы спорт алаңдарын араладым. «Степногорск қаласының абаттандыру элементтерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар» бағдарламасы аясында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын алаңы, көпфункционалды жаттығу алаңы жабдықталып, халықтың жайлы демалуы үшін арнайы аймақтар құрылды. Жаңа алаңдар барлық заманауи стандарттарға сай келеді. Спорт алаңдарында жарақат алуға қауіпсіз резеңке жабыны орнатылған.
Посетил спортивные площадки в 4 и 9 микрорайонах. В рамках реализации программы «Работы по текущему ремонту элементов благоустройства города Степногорск» обустроены футбольные, баскетбольные поля, игровая площадка для детей, многофункциональная тренировочная площадка и для комфортного отдыха населения созданы специальные зоны. Новые площадки соответствуют всем современным стандартам. На спортивных площадках установлено травмобезопасное резиновое покрытие.