Бүгін өңіріміздің аға буын өкілдерін қазыналы қарттар айлығының басталуымен құттықтадым. Жыл сайын еліміз бойынша 1-30 қазан аралығында қайырымдылық айлығы өткізіледі, осы ай ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, және де өмір жолында түрлі себептермен көңіл мен қамқорлыққа зәру жандарға ерекше көңіл бөлінеді.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қазыналы қарияларға мықты денсаулық пен отбасыларына бақ-береке тіледім.