Құрметті степногрлықтар!
Бүгін еліміздің ең елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан халықтарының тілдері күнімен құттықтаймын.
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн - Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мереке.
Тіл – халықтың жаны, рухани байлығы, асыл қазынасы. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым.
Баршамызды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Құрметті қауым!
Халқымызда «Тіл – атадан қалған асыл мұра» деген аталы сөз бар.
Осыған орай біз барлық уақытта ата-бабамыздан сақталып келе жатқан ана тілімізді дамыту, тіл тазалығын сақтау, ана тілде сөйлеушілер санын көбейту, оның өзара қолданыстағы дәрежесін көтеру бағытында жұмыстар жүргізуге тиіспіз деп ойлаймын.
Барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке – бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!