Құрметті степногорлықтар!
Сіздерді ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Ата заңы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы дала елінде тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқанына ширек ғасыр толса, егемендік пен дербес елдіктің құқықтық негізін бекіткен Ата заңымызға 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік пен тұрақтылығымыздың, елдегі ынтымақ пен бірлігіміздің, татулық пен достығымыздың кепілі Ата заңымыздың арқасында айбынды мемлекетке айналдық. Демократиялық даму жолын берік ұстанған зайырлы мемлекетіміздің жаһан жұртшылығы танып, мойындады.
Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген, қызметтің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.
Степногорск қаласында, бүкіл елдегі сияқты, индустриялық-инновациялық жобалар табысты іске асырылуда, ауыл шаруашылығы дамуда, жаңа өндірістер ашылуда және жаңа жұмыс орындары құрылуда.
Біздің Отанымыздың барлық жетістіктері-бұл қазақстандықтардың, соның ішінде степногорлықтардың орасан зор еңбегінің нәтижесі.
Конституцияны құрметтеу және сақтау, оның тарихы мен маңыздылығын білу әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы. Сіздерді атаулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
⬇️⬇️⬇️