Бүгін Степногорск қаласындағы көпбейінді аурухана ғимаратында Оңалту орталығы ашылды. Бұрын-соңды өңірімізде болмаған әлеуметтік жоба «Дәрігер plus» медициналық орталығының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Мұнда жүйке жүйесі ауруларымен, инсульт, инфаркт және ауыр жарақаттар алған науқастар оңалту курсынан өтеді, сондай-ақ сөйлеу дамуы кешеуілдеген және сал ауруына шалдыққан балалар емделеді.
Орталық заманауи қажетті жабдықтарымен науқастарға көрсететін қызмет түрінің маңыздылығы жағынан шаһарымыздағы жалғыз ғана мекеме. Ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Бүгінгі таңда орталықта 17 жұмыс орны қалыптасқан. Жоғары білікті мамандар кеңес беріп, ем жасайды.
Сегодня на базе многопрофильной больницы города Степногорска открылся специализированный реабилитационный центр. В рамках государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан, центр оснащен всем необходимым оборудованием. В центре могут проходить реабилитацию пациенты с заболеваниями нервной системы, больные, перенесшие инсульт и инфаркт или получившие другие тяжелые травмы, а также дети с особенностями развития: с ДЦП, задержкой психического и речевого развития, аутисты, дети с синдромом Дауна.
На сегодняшний день в центре создано 17 новых рабочих мест.
Пациенты имеют возможность бесплатно пройти курс реабилитации III-го этапа в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи. С этой целью заключен договор о совместной деятельности между городской поликлиникой и медицинским центром «Дәрігер plus».
#Степногорск #Stepnogorsk #MediaStep #новостистепногорск
@erkebulan_baiahmetov
@stepnogorsk_qalasynyn_akimdigi
@hospital_stepnogorsk
@dariger_plus