Құрметті кәсіпкерлер!
Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданған күні "Атамекен" ҚР ҰҚП InfoKazakhstan платформасын іске қосты, ол арқылы әрбір кәсіпкер қызметті қайта бастауға өтініш бере алады.
Бұл платформа Сізді құрметті кәсіпкерлер, кабинеттерде жүруден, құжаттарды жинаудан босатады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысына сәйкес рұқсат алу үшін барлық кәсіпкерлік субъектілері ЭЦҚ арқылы электрондық портал арқылы тіркеуден өтуі қажет www.infokazakhstan.kz. Бұл міндетті түрде қызметті қайта бастаудың шарты, оны бұзу айыппұл салуға әкеп соғады.
InfoKazakhstan платформасына кірген кезде деректердің бір бөлігі автоматты түрде жүктеледі (кәсіпорынның атауы, БСН), қалған нысандарды толтыру 10-15 минуттан аспайды.
Платформа қызметін тек компьютер арқылы пайдалануға болады, ал мобильді нұсқасы әлі толық жұмыс істемейді.
Қызметті қайта бастаудың екі түрі бар-тексерумен және тексерусіз. Бизнес түрлерінің көп бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта басталады! Яғни, мониторингтік топтың келуін күтудің қажеті жоқ.
Мониторингтік топты тексеру кәсіпкерлік қызметтің барлығы 5 түріне таралады: СО, азық-түлік өнімдерінің сауда базарлары, азық-түлік емес базарлар, балалардың сауықтыру лагерлері мен бильярд залдары, боулингтер.
Хабарлама тәртібінде тексерусіз қызметті қайта бастау үшін кәсіпкер тек ҮШ ҚАРАПАЙЫМ қадам жасауы керек.
1 қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу
2 қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің объектіңізге қойылатын санитарлық талаптармен танысып, электрондық цифрлық қолтаңбамен танысуды растаңыз.
3 қадам. Жеке кабинетте және электрондық поштада дайындық туралы акт алу және жұмыс істеуді бастау.
Тексерумен қызметті қайта бастау үшін порталмен жұмыс жасау да қарапайым.
1 қадам. InfoKazakhstan сайтына кіру, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу, бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеу, сіздің қызмет түріне қойылатын санитарлық талаптармен танысу. Талаптармен мұқият танысып, ЭЦҚ-ны куәландыру қажет.
2 қадам. Бөлмені санитарлық талаптарға сай дайындау.
3 қадам. Мониторинг тобының тексерісінен өту.
⬇️⬇️⬇️⬇️