Құрметті степногорлықтар!
Мемлекеттік мереке болған – Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті күнімен құттықтаған ыстық лебізімді қабыл алғайсыздар!
Тəуелсіздіктің таңы атқаннан кейін ел тарихында қазақстандықтар алғаш рет Мемлекет басшысын таңдап, өз тағдырлары мен ел тағдырын сеніп тапсырған ұлы тұлғаны сайлап алды.
Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы
Назарбаевтың басшылығымен ұлы бастамалар орын алып, көлемді
реформалар жүзеге асырылып, қазіргі заманғы жетістіктеріміз өмірге
келді. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық өркендеуі серпінділікпен
жүзеге асырылып отырды. Тұңғыш Президентіміздің саясаты Қазақстанды Орталық Азияда алға оздырып, ТМД мен халықаралық қауымдастықтар арасында абыройымен таң қалдырды. Қазақстандық модель халықтық бірлігіміз бен ұлттар арасындағы татулық əлем елдерінің барлығына үлгі ретінде ұсынылып, өнеге болып танылды. Қазақстандық ұстанымның үлгісі экономика мен саясатта табыстарға ерісіп, маңызды жалпы мемлекеттік танымға ие болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы да өркендей түсудеміз.
Халықтардың рухани құндылығы сақталып, мұның өзі жарқын болашаққа кепіл болып отыр.
Құрметті степногорлықтар! Сіздерге шын жүрегімнен зор денсаулық, отбасылық бақыт, игілік пен жарқын өмір тілеймін! «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы,
қала əкімі Еркебұлан БАЯХМЕТОВ
#Stepnogorsk #Степногорск #елбасыменбірге
@erkebulan_baiahmetov