#repost [club125846863|@mediastep]
・・・
СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ДЗЮДОШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Нұр-сұлтан қаласында дзюдодан ІІІ дәстүрлі KIMONO.KZ турнирі өтті. Ақмола облыстың спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сай, айтулы жарыста Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 2000-нан астам балуандар бақ сынасты. Дүбірлі додада Ақмола облысының намысын Степногорск қаласының спортшылары да қорғады. Балалар әр түрлі дәрежедегі бес медаль жеңіп алған. 55 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Максим Черниловский атанды. «Қола» медаль Алексей Тихонов (50 кг), Алпыспай Тамирлан (55 + кг), Айбек Ерғалиев (55 + кг) және Жұмагұл Ғалымжанға (60 кг) бұйырды. Балалар Жанабай Қоңырбаев, Николай Дураченко және Виталий Ищенконың жетекшілігімен жаттығатын көрінеді. Тәлімгерлердің айтуынша, әр салмақ дәрежесінде 100-130 спортшыдан сынға түскен. «Біз үшін бұл турнир биылғы оқу жылында бірінші болып өтті. Бұл тек басы ғана, оның үстіне біз 4 ай жарыстан демалған едік. Барлық балалар үлкен тәжірибе алды. Біз олимпиадалық арманымыз бен мақсатымызға қарай жылжып келеміз", - деді Н.Дураченко.
@stepnogorsk_qalasynyn_akimdigi
@sport_step03
@sport_akmola
[club105799271|@judostepnogorsk]
#Stepnogorsk
#Степногорск #Mediastep #Sport #Judo #Дзюдо #Спорт