Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті
Әңгіме барысында, ҚР Тұңғыш Президенті – Әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ халықтың табысын арттыру және аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша атқарылып жатқан шараларға ерекше назар аудару керек екені жөнінде сөз қозғады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өңір жастарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелеріне тоқтады.
Кездесу соңында, Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу мен енгізудің маңыздылығын атап өтті.